×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Мароккоға қалай қарайсыз? Тағы бір елге визасыз режим енгізілуі мүмкін

12.06.2024, 00:15
Ашық дереккөзден

Қазақстан Марокко Корольдігімен визасыз режим енгізу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан азаматтары Мароккода 30 күнге дейін визасыз бола алады.

Бірақ алты айда бір рет кіруге және шығуға рұқсат етіледі.

Жобаны көпшілік талқылауында  25 маусымға дейін болады. 

Бұған дейін

25 мамырдан бастап Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим күшіне енген еді. Қазақстандықтар Вьетнам шекарасын аттаған күннен бастап 30 күн ішінде визасыз жүре алады. 

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Таиландқа ресми сапары барысында Қазақстан мен Таиланд арасындағы визасыз режим туралы келісімге қол қойылған еді.

Одан ертеректе ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасы Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен кездесіп, екіжақты байланыстың басым бағыттарын талқылаған. 

Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдердің толық тізімін осы материалдан оқи аласыздар. 

Серіктес жаңалықтары