×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Көлік министрі пойыздардың кешігуі не үшін жиілеп кеткенін айтты

12.06.2024, 13:14
Көлік министрі пойыздардың кешігуі не үшін жиілеп кеткенін айтты
Фото: ашық дереккөз

Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжілісте пойыздардың кешігуі неліктен жиілеп кеткенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2021 жылы тасымалдаушының кінәсінен пойыздар жалпы 60 сағатқа кешікті. 2023 жылы кешігу уақыты шамамен 7 есе өсті. Ал 2023 жылы пойыздар 412 сағатқа кешіккен. Алты сағаттан астам пойыз күткен 45 мың жолаушы тамақпен қамтылмаған. Жолаушылар тасымалы неге нашарлап кетті және пойыздар қашан кешігуін тоқтатады? - деп сұрақ қойды Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар Көлік министріне.

Министрдің айтуынша, пойыздардың кешігуіне екі себеп бар.

Өкінішке қарай, бізде магистральді теміржол желілерінің тозуы 57 пайызға жетті. Сондықтан соңғы 3 жылда, тіпті 2 жылда жөндеу жұмыстарын жүргізуді айтарлықтай көбейттік. Жылына 1400-1500 шақырым рельс жөнделеді. Негізгі жұмыстар жаз мезгілінде жүргізіледі. Мердігер 2 күнде жұмысты аяқтауға уәде береді, кейде үлгермей қалады. Бұл пойыздардың жүруіне әсерін тигізеді, - деп түсіндірді Қарабаев.

Сондай-ақ вагондардың саны жеткіліксіз.

2019-2021 жылдары 600 вагон есептен шығарылса, орнына 300 вагон ғана келген. Сондықтан өткен жылы жаңа вагондарды көптеп алу шешімі қабылданды. Былтыр 113 вагон, биыл – 140, келер жылы – 240 вагон әкелінеді. Жалпы 2030 жылға дейін 1200 жаңа вагон алынып, 70 пайызға дейін жаңаруға қол жеткіземіз, - деді министр.