×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«5 жарым миллиард». Ақтөбеде бейнекамералар екі жыл бойы істемей тұр

12.06.2024, 20:55
«5 жарым миллиард». Ақтөбеде бейнекамералар екі жыл бойы істемей тұр
Ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында қауіпсіздік үшін қондырылған бейнекамералар екі жылдан бері істемей тұр. Осылайша құны бес жарым миллиард теңгеге бағаланған жоба жарты жолда тоқтап қалған деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әу баста Ақтөбе облысына екі жарым мың бейнекамера орнату жоспарланған. Шенеуніктер Ақтөбе қаласы мен алты аудан орталығының және үш ауылдың қуыс-қуысына дейін бақылайтын боламыз деп мақтанған. Ол үшін облыс бюджетінен ақша да бөлінген. Камералар бағаналарға қондырылып басталғанымен, кейін ол іске қосылмай қалды. Тендерге қатысқан компаниялар таласып, бірін-бірі сотқа беріпті. Соның кесірінен жұмыс тоқтап қалды дейді әкімдіктегілер. Бес жарым миллиардтың бейнебақылау камерасына қатысты іс бүгін Жоғарғы сотта қаралып, ақыры дауғаа нүкте қойған. Енді тендерді алғашқы ұтқан мердігер жұмысын жалғастырады. 

“Жоғары сот осы істі қарап, бірінші қараған сот шешімін дұрыс деп шешіп отыр. Ал одан соң шешім шығарған Шымкент қаласының сот коллегиясын құптамады. Енді тендерді алғаш жеңген мердігер техникалық талаптарға сай, белгіленген уақытта бейнекамераларды толық қондырып, іске қосуы керек,”- деді Ақтөбе облысы цифрлы технология басқармасының басшысы Әсет Отарбаев. 

Бұған дейін

"Сергектегі" монополияны жоюды талап еткен петиция пайда болған еді. Авторы Тұрарбек Құсайынов есімді қазақстандық. Құжат Қазақстанның монополияға қарсы комитетіне жолданды.