×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

«Ақтөбе» ФК жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов даниялық клубқа ауысты

13.06.2024, 17:23
«Ақтөбе» ФК жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов даниялық клубқа ауысты
Фото: ашық дереккөз

«Ақтөбе» футбол клубы жартылай қорғаушы Рамазан Оразовтың даниялық «Силькеборг» клубына ресми түрде ауысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дебют жасады

26 жастағы ойыншы 2021 жылы «Ақтөбе» сапын толықтырып, 2022 жылы ақ-қызылдармен бірге Қазақстанның күміс жүлдегері атанған болатын. Біздің клуб сапында жүріп Оразов ұлттық құрамада дебют жасады. Биылғы маусымның алдында «Ақтөбеге» қайта оралып, команданың бірінші орынға көтерілуіне өз үлесін қосты, - делінген ақпаратта.

49 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берген

Рамазан жаңа клубына 26 маусым күні жазғы трансферлік терезе ашылған соң ғана ауысады. Оған дейін ойыншы «Ақтөбе» сапындағы барлық матчқа қатысады.

Айта кетейік, Оразов клуб құрамында барлық турнирде жалпы саны 49 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берген.