×
474.83
518.99
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
518.99
5.4

Тағы бір сарбаз әскерде көз жұмды

13.06.2024, 19:50
Ашық дереккөзден

Оқиға бүгін Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқу-жаттығу барысында

Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмғаны айтылған. 

“Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады,”- деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін

Толқын Ғалымованың 20 жастағы ұлы жарты жыл бұрын әскерде қайтыс болғанын жазған едік. Ботасын іздеген аруанадай аңырап қалған ана әділдік іздеп, соттың табалдырығын тоздырып жүр.  Оның айтуынша, баласының өліміне оның әскердегі командирлері мен жасы үлкен қаруластары кінәлі.

Комаға түскен сарбаз

Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбаз Ербаян Мұхтарды емдеу үшін әке-шешесі Түркиядан дәрігер маман шақырған. Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева мен әжесі Күләш Смайылова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жоғарғы сотқа, Қазақстан халқына тағы үндеу жариялады. Гүлсім Қамиеваның ұлы – қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар былтыр мамырда мерзімді әскери қызметке алынған.

2023 жылдың 4 желтоқсанында түнде Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөліміндегі дәретханада құлап, бас-миының ашық жарақатын алған. Орталық клиникалық ауруханасының анықтамасы бойынша, сарбаздың бас сүйегі жарылып, желке сүйегі сынған, ауыр ми жарақатын алған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Нұржігіттің жағдайы

Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген 19 жастағы қатардағы жауынгер Нұржігіт Әбділпатта жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған болатын. Сарбаздың анасына әскери полиция қызметкері хабарласы ұлының ЖРВИ диагнозымен әскердегі медпунктке түскенін айтқан. Сарбаздың анасына әскердегілер  “ешкім саусағын тигізбеді, бізде ондай жоқ, камералар тұр” деген. Анасы ұлына “әлімжеттік жасалды” дейді. Бірақ бұған жауапты органдар әлі ешқандай ресми мәлімдеме жасай қоймаған.

Серіктес жаңалықтары