×
474.26
514.48
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.26
514.48
5.43

«Сәлаф бауырлар мені бір-біріне зат секілді сыйлады»: Шымкенттік әйел желіде жанайқайын жеткізді

13.06.2024, 23:35
Әлеуметтік желіден

Қара түсті хиджаб киіп, атын жасыруды жөн санаған белгісіз әйел әлеуметтік желіде жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. "Azattyq Ruhy" жариялаған видеода ол теріс діни ағымға түскен қыз-келіншектерге өз сөзін арнады. 

Өзінің және бала-шағасының қауіпсіздігі үшін аты-жөнін жасырған келіншектің кім екені белгісіз. Тек ол сөзінің Шымкент қаласының тұрғыны екенін айтты. 

“Мен өз сөзімді өзін сәләфпын (“cалафизмді ұстанатындар” ред.) деп жүрген қыз-келіншектер мен Дилмурад ахиға арнаймын,”- деп бастады ол сөзін.

Ол сәлаф азаматқа тұрмысқа шыққаннан кейін оның айтуымен Ділмұрадтың уағыздарын тыңдап келген.Уағызшыны ұстаз санайтын еркекке тұрмысқа шыққан. Бірақ аз уақыттан соң күйеуі оны басқа біреуге сый ретінде беріп жіберген.

“Осылай екіншісі үшіншісіне, үшіншісі төртіншісіне сыйлап жібере берді. Сол арада әр тұрмыста балалы болып отырдым,”- дейді әйел.

Өзінің қателескен кейін ұқққан әйел осының бәріне уағызшы Ділмұрадты, оның айтқан уағыздары мен лекцияларын кінәлады.

Ділмұрат Махаматов – салафизмді  насихаттаған уағызшылардың бірі. 2019 жылы 8 жылға сотталған. ҚМДБ оның уағыздарын тыңдауға тыйым салған. 

Бұған дейін

Белгілі жазушы Мұхтар Мағауин «дін деген қараңғылық» деп, қазақ жастарының болашағына алаңдайтынын айтты.

Ал Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов  мектептерді саяси немесе діни ағымдардың ортасына айналдыруға болмайды деген еді. 

Серіктес жаңалықтары