×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ісі Президент әкімшілігінде: кешірім сұраған Мәсімовтың мәселесі қалай қаралады

14.06.2024, 11:20
Ісі Президент әкімшілігінде: кешірім сұраған Мәсімовтың мәселесі қалай қаралады
Коллаж: ulysmedia.kz.

Парламент Мәжілісінің депутаты әрі Президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Марат Бәшімов ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтың рақымшылық сұрау жөніндегі мәселесі қалай қаралатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бәшімов не дейді

– Кәрім Мәсімовке қатысты материалдар Президент әкімшілігінің жалпы істер жөніндегі жалпы бөліміне келіп түсті. Жалпы бөлім сипаттама алу үшін өтінімді Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесіндегі түзету мекемесіне жолдады. Бас прокуратурада да, Жоғарғы сотта да ол қаралады. Содан кейін ғана Президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияға келіп түседі. Комиссия шешім қабылдайды да, қорытындысын мемлекет басшысына жолдайды. Конституцияға сәйкес солай. Мемлекет басшысы сот билігінің тармағын өзгертей алмайды, бірақ ерекше жағдайларда ол гуманизм актісін қабылдай алады. Әлемнің көптеген елінде солай, – дейді Марат Бәшімов.

Оның айтуынша, комиссия ұжымдық шешім қабылдайды. 

– Тағы да қайталайын, комиссия сот шешімін өзгертпейді. Жеке акт ретінде ерекше жағдайларда Конституцияның 44-бабына сәйкес, азаматқа мемлекет басшысына жүгінуге құқық беріледі. Азаматтар осы құқығын пайдаланады. Комиссия қандай шешім қабылдайды – біз бірден оны журналистерге хабарлайтын боламыз, – дейді ол.

“Яғни, соңғы сөз комиссияда ма, әлде президентте ме? деп сұрады журналистер.

– Конституциялық фигура – тек президент. Бүкіл материал президентке жеткізіледі. Тек сол ғана шешім қабылдайды. Бірақ алдын ала пікір комиссиядан сұралады, – дейді Марат Бәшімов.

Мәсімовтың рақымшылық сұрауы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған Кәрім Мәсімовтің кешірім жасау туралы өтініш бергенін хабарлады, деп жазды бірер күн бұрын Informburo.kz. ҰҚК Мәсімов қазір ҰҚК Астанадағы тергеу изоляторында екенін түсіндірді.

– Расында, ол 2024 жылдың наурыз айында осы мекемеден Қазақстан Республикасы президентінің атына рақымшылық алу жөнінде өтініш жолдаған, - делінген хабарламада.

Ол неге түрмеде

Мәсімовке қатысты 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)») және 366-баптың 4-бөлігі («Аса ірі көлемде пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Кәрім Мәсімов

2023 жылдың сәуірінде сот Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты үкім шығарды.

Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуды насихаттады және билікті асыра пайдаланды деп айыпты деп танылды.

Сот тағайындаған түпкілікті жаза мүлкі тәркіленіп, 18 жылға бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру болды.

Оның орынбасарлары Садықұлов 16, Ерғожин, Осипов 15 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Төртеуі де арнайы атақтары мен мемлекеттік наградаларынан айырылды.

Мемлекетке 10 миллиард теңге және 24 миллион доллар өндірілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 6 қаңтарында Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған болатын.

Қаңтар айының соңында ҰҚК баспасөз қызметі Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі құпия болып, сот оларды қамауға алуға санкция бергенін хабарлады. 10 наурызда Мәсімовтен тәркіленген миллиондар, зәулім үйлер мен қымбат көліктер туралы айтты.