Ulysmedia.kz тілшісіне мұндай өзгеріс ұсынатынын депутат Ермұрат Бапи айтты.
Дін мәселелерін реттейтін заң күзде Парламентте қаралады. Депутат Ермұрат Бапи осы құжатқа тиісті өзгерістерді ұсынбақ.
- Құжатта мектепке діни киіммен келу де бар. Оған толық тыйым салынады. Қоғамдық орында бетті жауып тұратын діни киім киюге тыйым салу да бар. Жаза ретінде ескерту жасалып, айыппұл салу да қарастырылады, – дейді Бапи.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде хиджабқа тыйым салу мәселесі жайлы сұраққа жауап берген еді.