×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

“Қарбыз жемеңіз, уланып қаласыз” - дәрігердің кеңесі

14.06.2024, 23:20
“Қарбыз жемеңіз, уланып қаласыз” - дәрігердің кеңесі
Әлеуметтік желіден

Оралдағы сауда нүктелеріне қарбыздың алғашқы легі келе бастады. Ерте піскен бақша өнімін көпшілік қызыға сатып алып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Алайда санитарлық дәрігерлер қарбызды абайлап тұтынуға кеңес береді. Өйткені қауын-қарбыз пісетін маусым әлі келмеген. Сондықтан оның құрамында пестицидтер мен химиялық тыңайтқыштар шамадан тыс көп болуы мүмкін. Ол түрлі іш аурулары мен улануға дейін әкеледі. Ал, саудасы қызып тұрған сатушылар қарбыздан қауіптенуге еш негіз жоқ дейді. Өйткені бақша өнімдері көрші - Өзбекстаннан әкелінген. Онда қарбыз ерте піседі. Қазір эпидемиолог мамандар орталық базарларға түскен қарбыздарды тексеруге көшкен. Олар өнімнің құрамында қауіпті заттардың бар жоғын анықтамақ.

“Ерте піскен қарбызды жеу қауіпті. Егер пестициді шамадан тыс көкөністі тұтынсаң, екі-үш сағатта қауіпті белгілері пайда болады. Басың айналу, құсу, іш өту — диарея белгілері. Балалардың қызуы көтеріледі. Сондықтан уақытынан ерте піскен өнімді сатып алмаңыздар,”- дейді БҚО Санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бөлім басшысы Эльвира Қуатова.

Бұған дейін 

Солтүстік Қазақстан облысында тұшпарадан уланған отбасы туралы жазған едік.

Бес адамнан тұратын отбасының уланғаны түнде белгілі болған. Олар "жедел жәрдем" шақырған. Медициналық көмек көрсетілген. Бірақ таңертең кіші бала қайтыс болды.

"Сол мекен-жай бойынша сағат 8.00-ге жуық кезекті шақыру келіп түсті, медбике сол жерге келіп, 2021 жылы туған баланың биологиялық қайтыс болғанын айтты. 2017 және 2014 жылы туған екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Олар тексеріліп, дереу реанимация бөліміне жатқызылды. 2017 жылы туған қыз ауыр, тұрақсыз күйде келіп, өкпені жасанды желдетуге ауыстырылды, бірақ 20.50 шамасында, жүргізіліп жатқан емнің толық кешеніне қарамастан, баланың қайтыс болғаны айтылды", – деп атап өтті Раиса Құсайынова.

Ол сондай-ақ уланудан бұрын, балалардың анасының айтуынша, отбасы мүшелері пицца, шұжық, дүкен тұшпарасы жеп, кола ішкен.