Air Astana Қазақстан мен Оңтүстік Корея астаналары арасындағы тікелей рейстердің қайта жанданғанын хабарлайды. Алғашқы рейс бүгін, 15 маусым күні сағат 19:55-те Астана халықаралық әуежайынан Инчхон халықаралық әуежайына орындалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бас қалалар арасындағы әуе қатынасы алғаш рет 2015 жылы іске қосылған, бірақ жаһандық пандемияға байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Маршруттың қайта жандануы Оңтүстік Корея президентінің осы аптада Қазақстанға ресми сапарымен тұспа-тұс келіп, елдер арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту үшін осы бағыттың уақтылылығын көрсетеді.
«Жолаушыларымызға жайлы саяхаттауға көбірек мүмкіндіктер беру үшін халықаралық маршруттар желісін үнемі кеңейтіп тұруға ұмтыламыз», - дейді Air Astana маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Адель Дәулетбек.
Астанадан Сеулға рейстер Airbus A321LR ұшағымен сәрсенбі және сенбі күндері аптасына екі рет орындалады және Алматыдан Сеулге 2003 жылдан бері орындалып келе жатқан күнделікті рейстерді толықтырады. Екі бағыт та Asiana Airlines компаниясымен кодшеринг келісімі бойынша жүзеге асырылады, жолаушыларға рейстердің кең таңдауын және ыңғайлы қосылымдарды қамтамасыз етеді. Рейстің қайта жандануына орай Астана-Сеул рейсінің алғашқы жолаушыларына естелік сыйлықтар табыс етілді.
Астанадан Сеулге билет бағасы 182 мвң теңге тұрады.