×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Сабап, мысықтың етін жегізген: Шымкентте өгей әке жауапкершіліктен босап кетті

18.06.2024, 19:20
Сабап, мысықтың етін жегізген: Шымкентте өгей әке жауапкершіліктен босап кетті
Time.kz/коллаж Ulysmedia.kz

Жоғарғы соттың мәліметінше, Шымкентте асырап алған балаларды қорлаған ер адамды сот есі дұрыс емес деп таныған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған аудандық сотында асырап алған балаларды қорлады деп айыпталған Ұлықбек Смановқа қатысты іс жабық тәртіппен қаралды.

Толығырақ

Сотта Сманов созылмалы және психикалық аурумен ауырады деген қорытынды ұсынылды.

– Іс-әрекеттер жасаған кезде ол есі түзу күйде болмады. Бұл жағдай заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға жол бермейді. Сот Смановты қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындады, - делінген хабарламада.

Тағы кім жазаланды

Сондай-ақ, Бблім министрлігінің, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының Астана, Алматы және Шымкент білім басқармаларының, сондай-ақ Шымкент полиция департаментінің атына балаларды психикалық ауруы бар адамға қамқорлыққа беру фактісі бойынша жеке қаулы шығарылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Шымкенттегі балалар үйінен алты бала асырап алған ер адам оларды қатыгездікпен қорлағанын айтқан болатын. Асырап алған әкесі балаларды мысық пен иттің етімен тамақтандырған. Жуынуға тыйым салып, аяқ-қолдарын байлап, үйді концлагерьге айналдырды, деді ол.