×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

«Болашақтағы» дау: тараптар сотта келісімге келді

19.06.2024, 20:15
Коллаж Ulysmedia

Бірнеше аптадан бері желіде дау тудырып, көптің назарын аударған іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық комиссиясының шешімімен стипендиат Гавриленко халықаралық стипендиядан айырылды. Оның орталық алдындағы берешегі 28,7 миллион теңгені құрайды. 

"Апелляциялық сатыдағы бірінші отырыста алқа тараптардың істі бейбітшілікпен (медиациямен) аяқтау құқығын түсіндірді. Қарау қорытындысы бойынша Астана қаласы соты алқасының қолдауымен тараптар келісімге келді, оның шарттары бойынша степендиант Г. "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы алдындағы берешегін өз еркімен өтеуге міндеттенді. Алқа қаулысымен іс медиативтік келісімді бекітумен аяқталды", - деп хабарлады сотта.

Кейін жәбірленушілердің бірі Мақпал Дәрібаева желідегі парақшасында видео жариялап, қолдау танытқан әріптестеріне алғысын айтты.

“Валерий Гавриленко кепілдікке қайтадан пәтер қойып, оқуға кеткен шығынның барлығын өзі өтейтінін мойындап, келісім-шартқа қол қойды,”- деді Мақпал Дәрібаева. 

Ол өз тараптың бір-біріне ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.

Оқиға басы

Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаева «Болашақ» бағдарламасының бұрынғы қатысушысы Валерия Гавриленконың кепілгері болған. Олардың айтуынша, В.Гавриленко оқуын аяқтаған соң, 2017 жылы Халықаралық бағдарламалар орталығы қызметкерімен “келісіп”, орталық кепіліндегі екі пәтерін заңсыз шығарып, түк болмағандай Ұлыбританияға көшіп кеткен. 

«Болашақ» стипендиясы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы – азаматтардың жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде білім алуына арналған магистратура, философия докторы (PhD), докторантура, резидентурада оқу немесе тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайтын арнайы стипендия.

Гавриленко туралы не білеміз?

Валерия Гавриленко 24.kz арнасында жаңалықтар жүргізушісі болып жұмыс істеген. Жанжал шыққан соң ол Instagram парақшасын жауып тастаған. Дегенмен, біз бұған дейін оның профилін қарап алдық. Ол көптен бері суреттерін жарияламады. Бірақ айта кету керек, ол өте қымбат сөмкелерді жақсы көреді, мысалы, Chanel брендін. Аватардың астында «Жылжымайтын мүлік», ал орналасқан жері Лондон деп көрсетілген. Ол қазір жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істеуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары