Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі жұмысқа шетелдік жұмыс күшін тартудың белгіленген тәртібіне қарамастан, көші-қон заңнамасын бұзған 65 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Осы күндері Алматыда жалпы қаладағы қылмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Заңсыз жүргендерді анықтау және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру арналарының жолын кесу бойынша жергілікті рейдтер жүргізілуде, - деді Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
51 шетелдік елімізде заңсыз жүрген
Сондай-ақ Алматы қаласының полиция қызметкерлері кезекті рейд барысында қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзып, Қазақстанда жүрген 51 шетелдікті анықтаған. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, Полиция департаментінің қабылдап-тарату орталығына орналастырылған. Нысанның басшысы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.