Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Режеп Тайып Ердоған Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесін талқылау үшін Астанада Владимир Путинмен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы СІМ басшысы Habertürk телеарнасына берген сұхбатында айтты.
"Алдағы күндері президент мырза Путинмен Қазақстанда кездесуі мүмкін", - деді Фидан.
2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметінің хабарламасынан белгілі болды.
Саммитте не талқыланады
Онда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.