×
473.15
515.12
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.15
515.12
5.4

Елімізде энергия өндіруші ұйымдар миллиардтаған қарыз

Фото: Риддер әкімдігінің инстаграм парақшасынан

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында елдің энергия өндіруші ұйымдарының отын үшін берешек сомасын атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергия өндіруші ұйымдардың "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы берешегі 24,6 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, энергия өндіруші ұйымдардың "Богатырь-Көмір" ЖШС алдында 6 млрд теңгеден астам сомада берешегі бар. Энергия кәсіпорындары берешекті өтеуді жеделдетуі қажет, - деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.

Еске салсақ, Үкімет Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға және реконструкциялауға 9 млрд теңге бөлді. Бұл қалалардағы желілердің 59-90% тозған.

Серіктес жаңалықтары