Туризм және спорт министрлігі "Шенеуніктерге құмар ойынға тыйым салу" петициясын қарастыруға қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес министрлік петицияны талқылау бойынша жұмыс тобын құрды, оның құрамына Парламент депутаттары, арыз иесі, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдар мен ойын бизнесі өкілдері енді.
Министрлік жауабы
Жұмыс тобының отырысы 2024 жылғы 25 маусымда сағат 17:30-да Министрлікте (Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс, 3 қабат, 303 кабинет) петицияны қарастыру бойынша жұмыс тобының отырысы өтетінін хабарлайды, - деді Туризм және спорт министрлігінен.
Халықты тонайды
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда шенеуніктерге құмар ойындарына тыйым салуды талап ететін петиция 50 мың қол жинады.
Тек өз отбасыларын ғана емес, бізді де тонайды. Халықтың еткен еңбегін жоққа шығарады. Алматы облысының казиносындағы бір ғана ресми тексеру кезінде 305 шенеуніктің жарты миллиард теңгеден айырылғаны анықталды. Орташа алғанда, әрқайсысы шамамен 1,7 миллион теңгені салған, - делінген жазбада.
Сондай-ақ Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы петиция жарияланды.