×
473.15
515.12
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.15
515.12
5.4

“Шындық ешкімге керек емес”: Бишімбаев сот тергеуі үстінен шағымданды

26.06.2024, 14:59
Коллаж Ulysmedia

Бұрынғы ұттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астана сотында өткен апелляциялық отырыста сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бишімбаев "үкімнің күші жойылуы керек" деген өз адвокаттарының ұстанымын толық қолдайтынын мәлімдеді.

Азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр оған негізгі сот талқылауы кезінде өзін қорғауға мүмкіндік берілмеді деп санайды.

"Айтылғанның бәрін мен қолдаймын. Маған дәлел келтіруге мүмкіндік берілмеді, мен бұл туралы сот барысында бірнеше рет айттым. Маған іс материалдарымен нақты танысуға рұқсат етілмеді. Рас, мен мұны түсіндім, ешкімге шешім қажет емес, алдын ала шешім қабылданып қойған", — деді ол.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Серіктес жаңалықтары