×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

"Қоғамның қысымы әсер етті": адвокаттар Байжановқа шыққан үкімді жоюды сұрайды

26.06.2024, 15:52
Коллаж Ulysmedia

Сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туысқан інісі Бақытжан Байжановты қорғайтын адвокаттар 4 жылдық үкімнің толық күшін жоюды талап етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада өткен апелляциялық сот отырысында сөз сөйлеген Байжановтың қорғаушыларының бірі куәгерлердің ешқайсысы Байжановтың Бишімбаевтың қылмысын білетінін растамағанын мәлімдеді.

"Бірде-бір куәгер Байжановтың кісі өлтіру туралы білгенін, Байжановтың Нүкенованың өлімі туралы білгенін айтқан жоқ. Бірде-бір куәгер Байжанов видеофайлдардың мазмұнын білді деп мәлімдеген жоқ", - деді ол.


 

Адвокат алқабилерге үкім шығарар алдында арнайы сұрақ қойылғанын, оған теріс жауап беру мүмкін болмағанын айтты.

"Соттың "жасалған қылмысты жасыру үшін" деген сөз тіркесін қолдануына назар аударыңыз. Мұндағы негізгі сөз тіркесі - "қылмыс". Сұрақ кез-келген қылмыстың іздерін жасыру жауапкершілігін көздеді және бұл тек аса ауыр қылмысқа, қасақана өлімге тікелей қатысты айыптауға тікелей қайшы келеді", - деді ол.

Байжановтың қорғаушысы мейрамхананың ВИП-кабинасына кіріп, Салтанат Нүкенованың қайтыс болғанын білмегенін атап өтті.

"Ол Нүкенованың қасында болған жалғыз сәтте оның бет-әлпетін немесе денесін этикалық тұрғыдан қарай алмады. Оған ыңғайсыз болды, кабинадан тезірек кеткісі келді. Кабинадан кетуге деген ұмтылыс, ыңғайсыздық сезімі - бұл адамның табиғи әрі қалыпты реакциясы. Байжанов Бишімбаев жоюды сұраған бейнежазбаларда не болғанын да білмейді. Мұны түсінген жөн, бұл Байжановтың жаман пиғылсыз әрекет еткенін дәлелдейді. Өзің білмейтін нәрсені қалай жасыруға болады", - деп қосты қорғаушы.

Қорғаушы істі басты сот талқылауы сатысынан бастап жаңа талқылауға жібере отырып, Байжановтың үкімін толық көлемде жоюды талап етті.

Байжановтың екінші адвокаты Әлібек Секеров егер осы қылмыстық істердің төңірегінде туындаған қоғамдық резонанс болмаса, Байжанов түрмеге кетпес еді деп есептейді.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Серіктес жаңалықтары