×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Біртанов: Шетелге қашпаймын – кінәсіз екенімді дәлелдеймін

12.11.2021, 15:28
Фото: Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігін бұрын басқарған Елжан Біртанов сот отырысында шетелге қашпай, елде кінәсіз екенін дәлелдейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұдан бұрын тергеу органы сотты адастырып, менің қашып кетуім мүмкін екенін алға тартты. Атап айтқанда, олар тарапынан істе «менің шет елдерде мүлкімнің бары, менің жақын туыстарымның шет елдерде азаматтығының бары» туралы жазылыпты. Бұл істе ондай материалдар жоқ. Өтірік. Хасанов мырзада мұндай фантазияның, менің шетелдегі мүлкім бар деген әңгіменің қайдан пайда болғанынан хабарым жоқ. Біз тіпті осы мәселені қаузап, полицияға жүгінгенбіз. Алайда өкінішке қарай қаржылық бақылау агенттігіне жолданып, архивке еніп кетті», - деді Біржанов сот барысында.

Экс-министрдің айтуынша, тергеу осы уақытқа дейін қашып кетеді деген күдікпен өзін үйқамақта ұстауды сұраған.

«Алайда осы жылдың қазан айында маған шетелдік төлқұжатымды қайтарып берді. Менің пайымдауымша, қаржылық бақылау жөніндегі агенттік менің қашып кеткенімнен де қорқып отырмаған секілді. Неліктен олар менің тұтқындалуымды талап етіп отырғаны маған түсініксіз. Бұл провакация емес шығар. Бірақ құрметті сот, мен өз елімнен ешқайда кетуді ойлаған емеспін. Осы іс бойынша өзімнің кінәм жоқ екенін дәлелдеп, заңмен талап етілетін сатыларды басып өтем. Соттан қашатын ойым жоқ», - деді ол.

Елжан Біртанов сонымен қатар соттан өзіне және қорғаушыларына іс-материалдарымен танысуға мүмкіндік беруді сұрады.

Еске сала кетсек экс-министр 2020 жылдың 7 қарашасынан бері үйқамақта отыр. Оған тергеу органдары әу баста бюджеттің ірі көлемдегі қаражатын ысырап етті деген айып таққан. Алайда кейін айып «Қызметтік уәкілеттігін асыра пайдалану» бабына өзгертілді. Сот отырыстарында Елжан Біртанов бірнеше рет ешқандай жемқорлыққа қатысының жоқтығын мәлімдеген. Қызметін асыра пайдаланғаны туралы айыппен де экс-министр келіспейді.

Серіктес жаңалықтары