×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Ірі микроқаржылық ұйымдарды банкке айналдыру талаптары бекітілді

12.11.2021, 16:45
Фото: Ашық дереккөзден

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов микроқаржыландыру нарығында көлемі орташа екінші деңгейдегі банктермен салыстыруға келетін ірі қатысушылар барын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазіргі уақытта микроқаржылық ұйымды банкке трансформациялау үшін лицензияны өткізіп, микроқаржылық қызметті іске асыруды тоқтату қажет. Осыдан кейін агенттіктің рұқсатын алып, екінші деңгейдегі банк ретінде қайта тіркеуден өту керек. Содан кейін банк қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға болады», - деді Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде.

Оның айтуынша, бұл процес ұзақ уақыт жүреді, клиенттерге де, микроқаржылық ұйымның да қаржылық жағдайына да жағымсыз әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты, агенттік МҚҰ-ны банкке ауыстыру  рәсімін заңнамалық тұрғыдан енгізу мүмкіндігін қарастырып отыр. Бұл МҚҰ-ның банкті ашу және банк лицензиясын алу үшін заңнамада көзделген барлық талапты орындауын, оның ішінде барлық пруденциялық талаптарды сақтауын және ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауын көздейді.

«Қолданыстағы рәсіммен салыстырғанда ұсынылатын тетіктің басты ерекшелігі банк лицензиясын алғанға дейін МҚҰ-ның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруды жалғастыру мүмкіндігінің болуында. МҚҰ-ны банкке ауыстыру мүмкіндігі елдің қашықта орналасқан өңірлерінің тұрғындары үшін қаржылық инклюзияның дамуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ микро және шағын бизнесті қорландыру базасын ұлғайтады», - дейді ол.

 

Серіктес жаңалықтары