Астанада кейбір талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық тестілеу орталығы Астанада 2, 3 және 4 шілдеге белгіленген ҰБТ өткізу мерзімінің кейінге шегерілетінін хабарлады (Т.Жүргенов көшесі, 18/2 және Қайым Мұхамедханов көшесі, 37А мекенжайы бойынша).
«Техникалық жұмыстарға байланысты 2, 3 және 4 шілдеге жоспарланған ҰБТ келесі мерзімге ауыстырылады: 2 шілдеге жоспарланған тестілеу енді 8 шілдеде, 3 шілдеге жоспарланған - 9 шілдеде, ал 4 шілдедегісі 10 шілде күні өтеді», - делінген хабарламада.
Жаңа тестілеу күндері туралы ақпарат тест тапсырушының жеке кабинетінде қолжетімді болатыны хабарланды.
ҰБТ
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы, Талғар ауданындағы №22 орта мектептің түлегі Еңсебек Жаннұрдың еш сұрақтан сүрінбей, ҰБТ-дан 140 балл жинағаны белгілі болған еді.
Сондай-ақ, бұған дейін Ұлттық бірыңғай тестілеуде 138 балл жинап, республика бойынша ең жоғары көрсеткішке кентаулық талапкер Айдос Қожанов қол жеткізген болатын.
15 мамыр күні Қазақстанда білім гранттарының тізімі жарияланды.