×
474.83
518.99
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
518.99
5.4

Қазақстанда тарифтерді белгілеу ережелері өзгерді

02.07.2024, 10:29
Inbusiness.kz

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі тарифтерді қалыптастыру қағидаларына тиісті өзгерістерді енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық экономика министрлігі тарифтерді қалыптастыру ережелеріне өзгерістерді енгізді. Құжатқа сәйкес стратегиялық тауарлар: 

  • субъектілер жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут және дизель отыны;
  • электр энергиясы;
  • жылу энергиясы:;
  • газ;
  • су. 

Қағидалар тариф бекітілгенге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде жария тыңдау өткізуді көздейді. Жария тыңдау өткізілетін күн мен орын туралы ақпарат немесе онлайн-трансляцияға сілтемелер күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жариялануы тиіс. 

Өтінім беру үшін тарифті өзгертпеу мақсатында барлық ережеге сәйкес себептерін және тарифтік сметаның жобасын көрсете отырып, түсіндірме жазбаны қоса беруі тиіс қажет. 

Бұйрық 2024 жылдың 9 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте оның әсері 2024 жылғы 8 маусымнан кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда су бойынша тарифтік саясат реформаланып жатқаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары