×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

Астанада 100 жастан асқан 21 адам тұрады

05.07.2024, 13:29
Фото: otyrar.kz

Астана күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы ресми Telegram-арнасында қызық статистика жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15 әйел мен 6 ер адам. 

«2024 жылдың 1 маусымында халық саны 1 464 415 - ке жетті, оның 696 234 - і ерлер, 768 181-і әйелдер. 2023 жылы Астанада туылған кездегі өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда 78,09 жасты, ерлер үшін 74,23 жасты, әйелдердікі 81,28 жасты құрады. 2023 жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін 28,2 жасты, әйелдер үшін 26,4 жасты құрады», — деп жазылған Бюро хабарламасында.

Сондай-ақ 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы туу коэффициенті 1000 адамға 19,50 болған. 

Серіктес жаңалықтары