×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Сусыз қалған Ақтау тұрғындары жолды бөгеді (ВИДЕО)

10.07.2024, 10:10

Ақтау тұрғындары пәтерінде су жоқ екеніне назар аудару үшін қала көшелерін бөгеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Lada.kz басылымының хабарлауынша, қалада бірнеше күн бойы ауа температурасы 35 градустан жоғары болып тұр. Мұндай ыстықта сусыз қалған тұрғындар осылайша проблемаға назар аудартқысы келген. 

Оларға әкімдік өкілдері келіп, келіссөздер жүргізді. 

Қазір өңірде 40 мың текше метр ауыз су жетіспейді. Ақтауға тәулігіне 20-25 мың текше мектр ауыз су қажет. 

Бұл проблеманы біртіндеп шешу үшін облыста он су тұщытатын зауыт салынып,бір магистральді су құбыры кеңейтілмек. 

 Әкімдік өкілдері жаздың аяғына дейін аймақты ауыз сумен қамту көрсеткіші тәулігіне 206,3 мың текше метрге жетеді деп мәлімдеді. 

Серіктес жаңалықтары