×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Антикор жол саласындағы біраз былықты анықтады

13.07.2024, 13:38
Антикор жол саласындағы біраз былықты анықтады
Kazakhstan Today

Жартыжылдық кеңейтілген алқа отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Жұмағали жол саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Бұл туралы Агенттіктің баспасөз қызметі жариялады.

Биылғы мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық жолдардың сапасыздығын атап өткен. 

Осыған байланысты Агенттік пен Үкіметке осы саладағы жемқорлық көріністерін жою тапсырылған болатын. 

Жартыжылдық кеңейтілген алқа отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы А.Жұмағали жол саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталғанын атап өтті. 

“Ең алдымен, жұмыстарды жоспарлаудан бастап оларды қабылдауға дейінгі барлық құрылыс процестері зерделенетін болады, НҚА мен ҚНжЕ жемқорлық нормаларына, қақтығыстар мен олқылықтарға тексеру жүргізілді. Агенттіктің қылмыстық-құқықтық тәжірибесі көрсеткендей, ЖСҚ құнын асыра бағалау орын алудын және сапасыз материалдар, жабдықтар мен технологиялар пайдаланылатынын көрсетеді”, деді А.Жұмағали. 

Жиында жұмысты толық көлемде орындамайтын үлестес және жосықсыз компаниялар тартылғаны да айтылды. 

Жалпы, соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңгені құрап отыр. 

“Жұмыстың екінші бағыты – жолдардың ағымдағы құрылысына мониторинг жүргізу. Бүкіл ел бойынша 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген 217 учаске қамтылды. Агенттіктің ерекше бақылауымен 12 ауқымды жоба бар. Олардың әрқайсысына жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіретін жауапты тұлғалар бекітілді”, деген Антикор басшысы барлық өңірлерде қоғам белсенділері, сондай-ақ осы саладағы сарапшылар кіретін мониторингтік топтар құрылғанын жеткізді. 

Қазірдің өзінде талдау барысында бұзушылықтар анықталған. 

Мәселен, 5 өңірде 4,8 млрд теңге сомасына артық және қайталама жұмыстарды қосу жолымен сметаларды асыра бағалау анықталды, ал 6 өңірде жүргізілетін жұмыстарды тиімсіз жоспарлау белгіленді. 

Мысалы, Абай облысында 20 млн теңгеге шұңқырлы жөндеу жүргізілгеннен кейін, сол учаскеде 1 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілуде. 

Көлік министрлігінің Жол активтерінің сапасы орталығының жұмысына ерекше назар аударылатын болады. 

Тек 4 өңірде ғана Орталықпен 526 бұзушылық анықталды, олар кейіннен жойылмады. 

Талдау қорытындылары туралы Президент пен жұртшылық хабардар етіледі.