×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қосшыдағы қайғылы жағдай. Студент өз-өзіне қол салған

16.07.2024, 20:12
Қосшыдағы қайғылы жағдай. Студент өз-өзіне қол салған
ашық дереккөзден

Қайғылы жағдай Қосшыда қаласында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Колледж студентінің денесі 15 шілдеде табылған. Тұрғындардың айтуынша, жасөспірім жекеменшік мектептен шамамен 60 метр қашықтықта орналасқан ферма ғимаратындағы металл құрылымға асылып қалған.

Полиция оның мұндай қадамға неге барғанын анықтап жатыр.

17 жастағы жігіт – Астана тұрғыны, бірақ өзі Көкшетауда білім алады екен. Тергеу басталды. Қазір полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, – делінген Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тіркелді.

Прокурорлар жас жігіттің 14 шілде күні кешке суицид жасағанын алға тартады. Ал полиция 15 шілдеге ауған түні хабарланған.