×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Кейуананың құны 6 млн теңге ме? Қылмыскер 9 жылға сотталды

18.07.2024, 08:50
ашық дереккөз

Қарағанды облысының тұрғыны 82 жастағы зейнеткерді өлтіргені үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЛМЫС ТАРИХЫ

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың хабарлауынша, іс материалдарына сәйкес, қаржылық мәселелерге байланысты сотталушы жұбайының әжесінен қарыз алғысы келеді. 23 ақпанда ол оның үйіне келіп, оған 500 000 теңге қарыз беруін өтінеді. Алайда зейнеткер одан бас тартқан. Кейуанамен сөзге келіп қалған ер адам оны тұншықтыра бастайды. Қарияның демі үзілгенін білген ол ізін жасырып кетпек болады.

Келесі күні ер адам қаза тапқан адамның ақшасын алу үшін қылмыс орнына оралады. Бары 152 000 теңге. Кейін ол қылмысын жасыру үшін қарияның денесін өзімен бірге ала кетеді.

ҮКІМ

Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, жәбірленушінің айғақтарымен, куәгерлермен, заттай дәлелдемелермен, сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді, – деді соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ер адам кісі өлтіргені және басқа біреудің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол жәбірленуші тарапқа 6 миллион теңге өтемақы төлеуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары