×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Енді 23 жастан бастап автобус жүргізуге болады

18.07.2024, 23:58
Енді 23 жастан бастап автобус жүргізуге болады
ulysmedia

Қазақстанда автобус жүргізушілерінің ең төменгі жасы (D санаты) төмендетілді. Заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұрын D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін үміткер 25 жасқа толып, сыйымдылығы төмен автобустарда үш жылдық жұмыс өтілі (D1 кіші санаты), сондай-ақ жүк көлігінде бір жыл (С1 кіші санаты) болуы керек еді. 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" заңның мәтіні келесідей:

"Жүргізуші орнынан басқа 16-дан астам орны бар автобустар және троллейбустармен жолаушыларды тасымалдауға 23 жасқа толған, жүргізуші ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, оның ішінде D1 кіші санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі кемінде бір жыл жүргізушілер жіберіледі".

Заң қол қойылғаннан кейін 2 ай өткен соң күшіне енеді.