"Ертіс орманы" табиғи резерваты бүркіттің ұясын кезіктірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Ертіс орманы" табиғи резерватының аумағында құстардың 50 түрі мекендейді. Олардың төртеуі — Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына еңгізілген: Үкі, Бүркіт, Ителгі, Безгелдек.
"Табиғи резерват фаунасын зерттеу және бақылау бойынша далалық жұмыстар кезінде ғылым бөлімінің қызметкерлері бүркіттің ұясын кезіктірді. Бұл сирек кездесетін құс Қазақстанның Қызыл кітабына еңгізілген”, – деп хабарлады резерват өкілдері.
Бүркіт — сұңқарлар тұқымдасытарының ең үлкен өкілі. Бүркіттің қанаттарының ұзындығы 2,5 метрге, салмағы 7 килограмға жетеді.
"Оның күші ересек қой немесе бұзауды өлтіруге жетеді. Бірақ бүркіт үлкен олжаны сирек аулайды, оның мәзірі қояндар мен кеміргіштерден тұрады. Құс отырықшы өмір сүреді. 2023 жылы Резерватта Бүркіт саны 95 дарақты құрады.
Бұл құс заңмен қорғалғанын және біздің қорғауымызға мұқтаж екенін есте ұстаған жөн”, — деп жазылған хабарламада.