×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Майқайыңда қаза тапқан құтқарушының денесі жер қойнына тапсырылды

21.07.2024, 11:28
Майқайыңда қаза тапқан құтқарушының денесі жер қойнына тапсырылды
Facebook. Болат Аманбаев

Павлодар облысындағы Майқайың алтын кен орнында оқыс оқиғадан қаза тапқан құтқарушы Айдос Шаймерденді туыстары мен жерлестері соңғы сапарға шығарып салып, денесін жер қойнауына тапсырды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы журналист Болат Аманбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Абыз жұрты Айдос Шаймерденді соңғы сапарға шығарып салды. 36 жасында бақилық болған құтқарушының артынды бес баласы қалды. Марқұмның денесі 6 ай 15 күн өткен соң барып табылды. Автобус жүргізушісі Әйіп Тлеубергенді іздеу жұмыстары жалғасуда”, деп жазды Болат Аманбаев Facebook-те.

Еске сала кетсек, құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесі 19 шілде күні табылған болатын.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» компаниясы кенішінің шұңқырына автобус құлаған болатын. Автобуста жүргізуші мен үш құтқарушы болған. Сол күні төтенше жағдайлар министрлігі құтқару бөлімшелері қаза тапқан екі адамның денесін тауып, алып шыққан. Екі адам әлі табылмай жатыр.

4-22 қаңтар аралығында құлаған жерге айналма жол жасалды. Жарылыс жұмыстары жүргізілді. Өткелді кеңейту және тереңдету кезінде екі жүз мың тоннаға жуық топырақ пен тау жыныстары әкелінді. 18 қаңтарында экскаватордың көмегімен автобус корпусының бір бөлігі, жеке заттар, жоғалған адамдардың құтқару жабдықтары табылып, жер бетіне шығарылған. Екі адам сол күйі табылмады.

Ал Бас прокуратураның ақпаратына қарағанда, полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Ulysmedia.kz порталының тілшісімен әңгіме барысында табылмай жатқан азаматтардың туыстары қазу, іздеу жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығын сынға алған еді.

Амангелді Тілеубергеновтың айтуынша, қазір «Майқайың» комбинаты “кінәсізбіз” деп, жұмыс беруші компанияны «100 пайыз кінәлі осылар» деп сотқа беріп жатқан көірнеді. Ішінде “жүргізуші де кінәлі” деп те жазып қойғанын айтқан еді.