×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

СҚО-да жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты

21.07.2024, 16:01
СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ауылының тұсында болған екі көліктің қақтығысынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жол-көлік апаты бүгін, 21 шілде күні Қызылжар ауданы Бескөл ауылынан 3 км жерде болған. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Астана – Петропавл» автожолында Infiniti FX45 автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан «Беларус» тракторының тіркемесіне соғылған.

Салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір 1996 жылғы жолаушы қыз аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Трактордың 35 жастағы жүргізушісі аман.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері үш адамның қазасына себеп болған жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі іс жүргізуді тағайындау үшін материалдар жинап жатыр.

Серіктес жаңалықтары