Тамыз айында Қазақстанда тек бір мемлекеттік мереке аталып өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
30 тамызда Қазақстанда мемлекеттік мереке – Конституция күні аталып өтеді.
2024 жылы Конституция күні жұмаға түседі және бұл күн демалыс болады.
Осылайша, тамыз айының соңында қазақстандықтар былай демалады:
Бұдан бөлек, қазақстандықтарға бес күндік жұмыс аптасында сенбі мен жексенбіні қоса алғанда тағы сегіз демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында төрт күн демалыс беріледі.
Сонымен қатар бұл айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Олар:
- 4 тамыз (тамыз айының бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні
- 10 тамыз – Абай күні
- 11 тамыз (тамыз айының екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні
- 18 тамыз – Шекарашылар күні
- 25 тамыз (тамыз айының соңғы жексенбісі) – Шахтерлер күні
- 29 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылған күні