×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Белшесінен қарызға батқан KEGOC шетелдік банкке тағы қол жайды

Белшесінен қарызға батқан KEGOC шетелдік банкке тағы қол жайды
Коллаж: Ulysmedia

KEGOC пен Азия даму банкі 58,2 млрд теңге сомасына қаржыландыру туралы келісімге қол қойғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

KEGOC Азия даму банкімен келісім жасағанын хабарлады. Келісім аясында банк Қазақстаннның оңтүстік аймағындағы электр желісін күшейту жобасын жүзеге асыру үшін 58,2 млрд теңгеге қаржы құймақ. 

БҰЛ НЕ БЕРЕДІ?

"Жоба ірі ауқымды электр энергиясын өндіруді, соның ішінде жаңартылатын көздерден, желіге біріктіруге, елдің оңтүстігінде электр энергиясын беруді күшейтуге және тұрақтандыруға, сондай-ақ Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

ЖОБА ТУРАЛЫ

Мердігерлер жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Кейіннен құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындайды. Мұның бәрі жалпы ұзындығы 475 км болатын екі 500 кВ әуе электр желісін салуды, сондай-ақ "Шу", "Жамбыл" және "Шымкент" 500 кВ үш қосалқы станциясын қайта құру мен кеңейтуді көздейді.

Банктің жеке сектордағы операциялар жөніндегі бас директоры Сюзанна Габури бұл серіктестік Қазақстанға нөлдік шығарындылар, энергетикалық көшу және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту бойынша мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетінін атап өтті.

"Бұл жоба жаңа генерациялайтын қуаттарды енгізумен синхрондалған. Бұл электр энергиясын беру кезінде шығындарды азайтуға мүмкіндік береді және аймақтың экономикалық дамуына оң әсер етеді", - деді ол.

ЦИТАТА

"Ұлттық электр желісінің жаңа архитектурасы Оңтүстік Қазақстанның жаңартылатын және дәстүрлі энергия көздерінің үлкен әлеуетін энергетикалық теңгерімге тартуға мүмкіндік береді. Экспорттық және транзиттік әлеует айтарлықтай артады және бүкіл аймақтың энергетикалық қауіпсіздігі күшейтіледі. Азия даму банкіне осындай маңызды жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз", - деді KEGOC басшысы Нәби Айтжанов.

ТОП-МЕНЕДЖЕРЛЕРДІҢ СЫЙАҚЫСЫ

Айта кетейік, жақында Қазақстанның ұлттық компанияларының басшыларына берілетін сыйақылардың мөлшері ондаған миллион теңгеге жеткені белгілі болды. KEGOC-та сыйақы мөлшері орташа есеппен 52,5 млн теңгені құрады. Компанияда басқарманың 5 мүшесі бар - Нәби Айтжанов, Бақытхан Жазықбаев, Төлеген Сафуани, Айгүл Әкімбаева және Эльвира Қонахбаева. Директорлар кеңесінде 7 адам бар, оның үшеуі "Самұрық-Қазына" атынан (Ернат Бердіғұлов, Мирас Қияқов және Қаныш Молдабаев), басқарма төрағасы Нәби Айтжанов және үш тәуелсіз директор.