×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

64 млн жеп қойса да, жеңіл жаза сұраған. Бухгалтер сотталды

24.07.2024, 00:55
64 млн жеп қойса да, жеңіл жаза сұраған. Бухгалтер сотталды
ашық дереккөз

Шымкентте 64 млн теңгені жымқырған мектептің бас есепшісі сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс материалдарына сәйкес, 2021 жылдан 2023 жылға дейін ол өзінің шотына бекітілген жалақысынан асатын сомаларды аударып отырған. Залал 64 295 513 теңгеге бағаланды.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, оған бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Алайда сот оны сегіз жылға соттады.

Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.