×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ғалымдар кофенің адам денсаулығына кері әсерін атады

28.07.2024, 09:13
Ғалымдар кофенің адам денсаулығына кері әсерін атады
Фото: Ашық дереккөзден

Кофе пайдалы құрамымен, соның ішінде денені түрлі аурудан қорғауға көмектесетін антиоксиданттардың жоғары мөлшерімен белгілі. Сонымен қатар, кофеин әсіресе ұйқысыздық созылып кеткен кезде денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Неміс аэроғарыш орталығының зерттеуі

Кельндегі неміс аэроғарыш орталығының ғалымдары кофеиннің мидың құрамына әсері қандай болатынын зерттеген. Зерттеуге әдетте кофені көп ішпейтін 36 адам қатысқан. Ғалымдар оларды екі топқа бөліпті: бір топ кофеинді кофені, екіншісі кофеинсіз сусыннан ішкен.

Зерттеу әдістемесі 

Тоғыз күн бойы, соның ішінде созылмалы ұйқыны шектеу кезеңі кезінде зерттеушілер қатысушылардың миының сұр құрамындағы өзгерісті МРТ және ПЭТ сканерлеу арқылы өлшеген. Оның нәтижелері ұйқының созылмалы шектелуі сұр құрамда айтарлықтай өзгерістерді туғызатынын көрсетті, бұл кофеинді тұтынуға да байланысты болып отыр.

Нәтижелер мен қорытындылар 

Ұйқыны шектеу кезінде кофеинді тұтынбаған қатысушылардың миының бірнеше бөлігінде сұр зат көлемі ұлғайған. Алайда кофеинді ішкендерде сұр зат көлемі ұлғаймаған.  Бұл ұйқы жоғалған кезде мидың икемділік механизмдеріне кедергі келтіруі мүмкін.

Сондай-ақ, аденозин рецепторларына байланысты жеке айырмашылықтар осы өзгерістердің дәрежесінде рөл атқаратыны анықталды. Аденозин рецепторларының деңгейі кофе ішпегендерде мидың сұр құрамының төмендегені байқалған.

Ғалымдар ұйқы, кофеин және ми құрылымы арасындағы байланыс күрделі екенін атап көрсетеді. Кофеинді ішкендерге ұйқы жетіспей, мидың табиғи қалпына келу механизмдеріне кедергі келтірілуі мүмкін.