×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Келбеті үшін жұмыстан қуған: Абай театры директоры жайлы не білеміз

01.08.2024, 13:48
Келбеті үшін жұмыстан қуған: Абай театры директоры жайлы не білеміз
Коллаж: ulysmedia.kz.

Кешелі бері желіде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының капелдинер әйелдерінің шағымы тарады. Бейнежазбаны жазған олар "Айнұр Көпбасарованың стандарттарына сай келмегеніміз үшін бізді жұмыстан шығарып жатыр" деп мәлімдеді.

Көпбасарова біздің порталдың оқырманына таныс адам. Ulysmedia.kz редакциясы бұл адам жайлы 2021 жылы жазған.

Көпбасарова өзінің әлеуметтік желілерін белсенді жүргізеді, үлкен аудиториясы бар. Сән-салтанатқа толы өмірінің кадрларын паш етіп, бренд киімдерін көрсетіп, саяхаттардағы фотосуреттерін жариялайды.

Айнұр Көпбасарованың атымен байланысты үлкен дау осыдан үш жыл бұрын туындаған еді. Сол тұста жарнамасы жер жарған «Бөрте» спектаклін қою үшін «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК жалпы сомасы 246 млн 750 мың теңге шығындаған. Тендердің сипаттамасында бастапқы сома 40 млн теңге деп көрсетілген. Алайда белгісіз себептермен қосымша келісімшарт негізінде өзгеріс енгізіліп, жалпы сомаға тағы 206 млн теңге қосылған.

«Бөртені» сахналау үшін бөлінген қаражаттың техникалық сипаттамасында назар аударылса жеткілікті еді. Мәселен шығын сметасында логистика шығындарына 9 млн 402 мың теңге қаралған. Қойылымға қатысы бар 3 адамды 1 млн 200 мың теңгеге 2 рет ұшақпен тасуға және репетиция кезінде бір ай қонақ үйге тұрақтауға 1 млн 890 мың теңге жұмсалған. 15 адамды әкелуге 852 мың 150 теңге, оларды қонақүйге орналастыруға 5 млн 460  мың теңге бөлінген.

«Бөрте» спектаклін Астанада сахналауға 32 млн 443 мың 594 теңге жұмсалатыны тағы жазылды. Әлеуметтік мәселелері реттелмеген өңірдің бір ғана спектакльге осыншама қаражат жұмсауы сол кезде қоғамда біршама дау туғызған еді. 

Мансап жолы

Еске сала кетейік, Түркістан музыкалық-драма театрының директоры болып продюсер Айнұр Көпбасарованы тағайындалуы сол тұста көпшілікті таңғалдырған. Жалпы, өзі университеттен кейін ешқашан "қарапайым" лауазымда жұмыс істемеген. Ашық дереккөздерден ол өз жолын бірден оқытушы кейін  "Хабар" телеарнасының бас редакторы ретінде бастағаны белгілі.

Бір қызығы, осының бәрінен кейін де антикор бұл адамға қызығушылық танытпады. Керісінше, Көпбасарова елдегі ең танымал театрлардың бірі  - Абай театрына барды. Енді ол театрдан да шу шығып жатыр.