×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қуаңшылық: БҚО аудандарында төтенше жағдай жарияланды

03.08.2024, 17:41
Қуаңшылық: БҚО аудандарында төтенше жағдай жарияланды
Ашық дереккөзден

Қуаңшылықтың салдарынан Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарында, Жаңақала мен Казталов аудандарының кейбір ауылдарында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллиннің Kazinform тілшісіне мәлім еткеніндей, биылғы жылы көктемгі күннің салқындығы және киік санының шамадан тыс артуы салдарынан Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарында қажетті көлемде мал азығын дайындауда қиындық туындады.

Оның сөзіне қарағанда, бұл аудандарда шөптің өнімділігі әдеттегіден төмен болып, орташа өнімділік гектарына 1,9-1,8 центнерден аспай отыр. 

«Мұндай жағдай Бөкей ордасы, Жәнібекпен шекаралас жатқан Жаңақала ауданының Жаңажол, Жаңақазан, Көпжасар, Мәстексай, Казталовтың Тереңкөл, Казталов, Бостандық және Көктерек ауылдық округтерінде қалыптасты. Осыған орай оңтүстік аудан әкімдіктерімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Аталған аудандар аумағында гидрометеологиялық қызмет растаған қалыптан тыс ауа райы жағдайларының орын алуы қолданыстағы мал шаруашылығын субсидиялау қағидаларына сәйкес агроқұрылымдарға мал азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуды субсидиялау мүмкіндігі бар», дейді Ж.Халиуллин.