×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Ауылға жол». Солтүстікке келіп, баламнан айырылдым

04.08.2024, 15:30
«Ауылға жол». Солтүстікке келіп, баламнан айырылдым
ulysmedia

Бірнеше күннің алдында ғана Ulysmedia командасы «Ауылға жол» атты жаңа жоба бастаған болатын. Онда редакцияның шығармашыл тобы ауыл-аймақты аралап, жұртшылықтың тыныс-тіршілігімен танысып, оқырман мен көрерменге өңірлерден ақпарат таратуды мақсат еткен.

Сол бойынша редакция мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының ауыл-аудандарын аралауды бастап кеткен еді. Бүгін аталған өңірдегі Темириязев ауданына оңтүстіктен көшіп келген 7 баланың анасының жағдайымен танысты.

Бұл жақта адамдар көп тұрақтамайды. Себебі күн суық. Күннен бұрын бізге тұруға берген үй суық. 7 баланың анасымын. Осы жаққа келгеннен кейін, жақында бір баламды жоғалтып алдым. Үйге дұрыс жылулық жасалмаған – дейді Тәжібаева Зарина Муратовна.

Ол солтүстікке көшіп келген соң, мал бағып, өз күндерін көре бастағанын айтады.

Сол мал бағып отырған балам жоғалып кетті. Мамыр айының 29-ы үйден шығып кеткен, қайта оралған жоқ. Іздемеген жеріміз жоқ. Барлық жерде суреті ілулі тұр. Астанада да ілдік суретін. Көмек керек болған кезде «досым, досым» деп келетіндердің ешқайсысы балам жоғалғанда қара көрсетпеді – дейді Зарина Тәжібаева.