×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Курск шайқасы»: Ресейге қауіп төніп тұр

09.08.2024, 14:37
«Курск шайқасы»: Ресейге қауіп төніп тұр
«БИЗНЕС Online»

Украина Қарулы Күштері төрт күннен бері Ресейдің Курск облысына шабуылын жалғастырып жатыр, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Кеше Украина жауынгерлері Ресей әскери басшылығының Путинге жауды талқандаймыз деп берген уәделеріне қарамастан, Курск облысының тағы 10 шақырым жерін басып алды.

7 тамызда Ресей қорғаныс министрлігі бас штабының бастығы Валерий Герасимов Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Путинге жауды «талқандағанын» айтқанымен шын мәнінде жағдай олай емес сияқты.

Қазір Украин әскерлері ілгері жылжуларын жалғастырып, Ресейдің Курск облысын түгел бақылауға алуды мақсат етіп, бекініс жасап жатыр деген дерек шықты.

УКРАИНА ӘСКЕРІ КУРСК ОБЛЫСЫНА 300 АДАММЕН БАСЫП КІРДІ

Украина әскерінің Курскі облысына шағын шабуылы жайлы  Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Украина Қарулы күштері 300 адамдық топпен Курск облысына шабуыл жасады. Украина 11 танкі, 22 бронды техника және артиллериялық күштермен шабуылдады. Шекара күзеті жаудың шабуылына тойтарыс беріп жатыр. Қақтығыс аумағына қосымша күш жіберілді. Ресей Қорғаныс күштері Украинаның 16 бронды техникасын, соның ішінде 6 танкісін жойды, - деп мәлімдеді.

Бұл мәліметке қатысты Украина Қорғаныс министрлігі ешқандай ақпарат берген жоқ. Жалпы диверсиялық рейдке байланысты ресми Киев мүлде ақпарат бермеді. Қолда бар дерекке қарағанда, соңғы рет украин сарбаздары наурызда осындай шабуылдарға шыққан. Ол кезде АҚШ-тың әскери көмегі тоқтап, Конгресс әлі көмекті мақұлдамаған еді. Соған қарамастан Украина Қарулы Күштері уақыт ұтуға талпынып, диверсиялық рейдтер жасаған болатын.

ШАБУЫЛ КҮНІ-ТҮНІ БОЛЫП ЖАТЫР

Шабуылдың бірінші күні Украина танктері Ресейдің Курск облысына кіріп, ұрысты бастап кетті.  Украина Қарулы Күштері түнімен Ресейдің Курск облысына шабуылдап, бірнеше елді мекенге соққы жасады. Ал келесі күні таңертең Курск облысының Суджа аймағына украин диверсиялық топтары кірді.

Украина әскері сейсенбіде шекарадан ішкері қарай 20 шақырымға дейін тереңдеп кіріп, шамамен 300 шаршы шақырым аумақты басып алды.  Одан кейін Курск облысында кемінде тағы 10 шақырым жерді басып өтті. Олар Свердликово селосын,  одан 10 шақырым жердегі Малая Локня елді мекенін де өздеріне қаратты.

РЕСЕЙДІҢ ОНДАҒАН ЕЛДІ МЕКЕНІ УКРАИНАНЫҢ ҚАРАМАҒЫНА ӨТТІ

8 тамызда таңертең Курск облысы губернаторының міндетін атқарушы Алексей Смирнов өңірде әуе қорғаныс жүйесі жеті ракета мен алты дронды атып түсіргенін хабарлады. Түнде бірнеше рет ракета қауіпсіздігі режимі жарияланған. Америка соғысты зерттеу институтының мәліметіне қарағанда, Украина әскері Суджа қаласының батыс бөлігінің жартысын басып алған. Қазір қаладағы Суджа арнасының маңында шайқас жүріп жатыр. Бұл аумақты Ресей жағынан «жергілікті жасақ» қорғап жатқаны хабарланды.

Қазір Курск облысындағы Коренево селосы үшін қиянкескі шайқас болып жатыр.

Ресей Курскі облысын қорғауға «Вагнер» жасағы мен Еріктілер корпусын жіберді. Курск облысындағы шекаралық аудандарда халықты жаппай эвакуациялау басталды.

Суджа қаласының маңында 20 шақты елді мекен Украина бақылауына өтті. Украина әскері Суджа маңында тағы 10-15 шақырым ішкері еніп, Кромский Быки ауылына жетті. 15 мың халқы бар Рыльск қаласына қауіп төнді. Украина тікұшақтары Ресей әуе кеңістігіне кіріп, Суджа аспанында ұшып жүр. Оның үстіне Ресейдің Белгороды. Украина дрондары бұл жақтың да мазасын алуда.

ТҰТҚЫНДАР САНЫ КӨБЕЙДІ

Украина БАҚ хабарлауынша, Суджада 59 Ресей сарбазы тұтқынға берілді. Украина әскері Ресейге шабуылдың бас кезінде әр жерде 40-50 адамнан тұтқынға ала бастаған. Қазір олардың жағдайы белгісіз. Тұтқындар Украинаға әкетіліп жатыр деген де дерек бар.

Соңғы мәліметке қарағанда, Курскдегі майдан шебі 430 шаршы шақырымға жеткен.

Украина сарбаздары Мирный ауылына кірген. Казачья Локня, Богдановка, Княжий, 1-Княжий және 2-Княжий ауылдарына бақылау жүргізуде. Сондай-ақ, Снягость және Коренево ауылдарында да ұрыс жүріп жатыр. Бұдан басқа, қазір Малая Локтядан 19 шақырым жерде орналасқан Анастасьевка елді мекенінде атыс болып жатқаны айтылып отыр. Ал атом электр станциясы бар Курчатов қаласы бұл жерден 30 шақырым жерде ғана тұр. Сонымен бірге қиянкескі ұрыс Кромский Быки ауылында басталып кеткен. Бұл ауыл Льговадан 20 шақырымда ғана орналасқан. Одан әрі екі аттам жерде Курчатов АЭС-і орналасқан.

УКРАИНА ЕНДІ ҚОРҒАНЫС БЕКІНІСІН ЖАСАУҒА КӨШТІ

Украина әскері Суджа ауданындағы шабуылын үдетіп, басып алған аймақта қорғаныс позициясын орнату мақсатында инженерлік техникаларды кіргізуде. Ресей 2,5 жыл жүріп құрған екі бірдей майдан шебін Украина әскері айналасы 20 сағатта құрды. Бұл деректерді Ресейдің Telegram арналар таратуда.

Washington Post басылымының хабаралуынша, Украина қазір Суджадағы «Газпромның» Еуропаға газ ағызып отырған газ өлшеуіш станциясын бақылауға алды. Ал «Газпром» Еуропаға газ ағызу тоқтатылмағанын хабарлады.

Қазір Украина Қарулы Күштерінің Ресейге шабуылының қашан аяқталатынын ешкім айта алмай отыр. Бұл туралы Ресей президенті Путин де Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ештеңе айта алмады.