×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Отандасымыз Елена Потапенко Олимпиаданың финалына өте алмады

10.08.2024, 15:39
Отандасымыз Елена Потапенко Олимпиаданың финалына өте алмады
Владислав Семенов

Париж Олимпиадасында заманауи бессайыс бойынша ел намысын қорғаған қазақстандық спортшы Елена Потапенко ақтық кезеңге өте алмады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

МӘЛІМЕТ

Қазақстандық спортшы алғашқы жартылай финалға қатысты. Финалға жолдама алу үшін ол үздік тоғыздыққа кіруі тиіс еді (екі жартылай финалдан тоғыз қатысушы).

«Потапенко барлығы 1301 ұпай жинады. Оның соңғы нәтижесі 16-орын болды. Осылайша ол финалға өте алмады», - деп хабарлады ҰОК.

ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ

Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында Парижде XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Оған 200 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Спорттың 32 түрінен барлығы 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қатысушы командалардың шеруі Сена өзенінің бойымен өтті, елдердің әр делегациясы жеке қайықпен саяхаттады. Ойындардың жабылу салтанаты 11 тамызда «Стад де Франс» стадионында өтеді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының мүшелеріне мемлекеттік туды табыс еткен болатын.

Қазақстандық спортшылардың Олимпиада ойындары алдында әлемдік рейтингте қандай орындарда тұрғаны осыған дейін хабарланған болатын. Сондай-ақ қазақстандықтардың қайсысы басты спорттық шараға баратыны айтылды.

Сонымен қатар, ҰОК қазақстандық спортшылардың оқу-жаттығу жиындарын қайда өткізетінін айтты. Туризм және спорт министрлігі спортшыларды Олимпиадаға дайындауға бюджеттен қанша қаржы жұмсалғанын да айтты.