×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Қытайдағы табиғи апаттан келген шығын 10,1 млрд долларды құрады

10.08.2024, 16:22
noi.md

Қытайда табиғи апаттардан келетін экономикалық шығын өткен жылмен салыстырғанда биыл шілде айындағы нөсер жауын-шашын мен су тасқыны салдарынан екі есеге артты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШЫҒЫН

Табиғи апаттар елге өткен айда 76,9 миллиард юань (10,1 миллиард доллар) көлемінде шығын әкелді, оның 88 пайызы нөсер жауын, су тасқыны және т.б.

Бір ай ішінде табиғи апаттар Қытай бойынша 26,4 миллионға жуық адамның өміріне әсер етті. 328 адам қаза тапты немесе хабарсыз кетті. Шілде айында 1,1 миллионға жуық тұрғын баспанасын тастап кетуге мәжбүр болдын. 12 мың үй қирап, 157 мың ғимарат бүлінген.

ЕГІНГЕ КЕЛГЕН ЗИЯН

Миллиондаған гектар егіс алқаптары зардап шекті. Осылайша, Хэнань провинциясының орталық бөлігінде 1 миллион 130 мың гектардан астам егіс алқаптары батпақтанудың зардабын тартты.

ТАЙФУН

Шілде айындағы Гаеми тайфунының әсерінен елдің оңтүстік аймақтары зардап шекті.

Ішкі Моңғолия мен Шыңжаң аудандарында күн күркіреп, бұршақ жауып, күшті жел соқты.