Әлемге кеңінен танымал YouTube видеохостингінің бұрынғы бас директоры Сьюзан Войчицки ауыр сырқаттың салдарынан 56 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Марқұм Войчицкий кейінгі екі жылын қатерлі ісіктің күреске толы күндерімен өткізген еді.
Қатерлі ісікпен екі жылғы күрестен кейін бізді тастап кеткен менің қымбаттым Сьюзан Войчицкидің өлімі қабырғамды қайыстырды. Ол әлемге ықпал ете білген өте жақсы адам болды, көшбасшы да, дос та бола білді. Мен оны танып-білгелі жақсы адамдар санатына қосылған Google компаниясының сансыз қызметкерлерінің бірімін, - деді Google басшысы Сундар Пичаи в Х (Twitter) парақшасына қалдырған жазбасында.
Сьюзан Войчицки YouTube-ке 2014 пен 2023 жылдар аралығында тоғыз жыл басшылық еткен. Басшылық қызметтен кетсе де, Google-дың құрамындағы 2006 жылы YouTube сатып алған Alphabet холдингінің консультанты болып қызмет атқарған.