×
510.08
539.61
5.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.08
539.61
5.15

«Күрті-Бұрылбайтал»: Астана-Алматы арасындағы «ең жаман жол» ашылды

«Күрті-Бұрылбайтал»: Астана-Алматы арасындағы «ең жаман жол» ашылды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы

Астана мен Алматы қалаларының арасындағы «Күрті-Бұрылбайтал» (2214-2295 шақырымы) автожолының бір учаскесі қайта жөнделіп, пайдалануға берілді, деп хабарлады Ulysmedia.kz. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

БІР УЧАСКЕНІҢ ЖОЛЫ ҒАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бұл учаскесінің ұзындығы - 81 шақырым.  Ол - «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізінің маңызды бөлігінің бірі. 

Автожолдың учаскесі Жамбыл мен Алматы облысының шекарасынан басталып, Қаншеңгел ауылына дейін созылып жатыр. Жолдың көлік пайдалану деңгейінің жақсы болуына байланысты қайта жаңартудан өткен төрт жолақты автожолда жүру уақыты айтарлықтай қысқарды. Бұл өз кезегінде Қытай, Ресей мен Орталық Азия елдер арасындағы транзиттік тасымалдың өсуіне әсер етіп, Балқаш көліне қарай туристердің санының артуына септігін тигізбек, - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

166 ШАҚЫРЫМ ЖОЛДЫ ЖАҢАРТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметіне қарағанда, «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізі Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарын байланыстырады. Оның халықаралық, облысаралық, жергілікті көлік және жүк тасымалын қамтамасыз етуде маңызы зор. Қайта жаңарту жобасы барысында осы дәлізге қарасты Алматы облысы бойынша 166 шақырым жолды жаңарту жоспарланған.

Қайта жаңартудан өткен автожол І-б техникалық санатына ауыстырылып, екі бағытта төрт жолақты қозғалыспен қамтамасыз етілді. Жобаны жүзеге асыру барысында 3 млн м³ астам  жер жабыны орналастырылып, 1,5 млн м² аса үш қабатты асфальтбетон төселді. Сондай-ақ 8 көпір мен 66 суөткізгіш құбыр орнатылды. Автожолдың жаңа учаскесі қауіпсіз жол қозғаласының заманауи талаптарына сай және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін барлық қажетті құрылғылар орнатылған.

ЖОЛ АЗАБЫН ЖОЛАУШЫ БІЛЕДІ

Елімізде жол мәселесі күйіп тұрған проблеманың бірі. Әсіресе, көлікпен Жезқазған мен Қызылорданың арасында жүрген адамдар оның жайын жақсы біледі. Сол себепті жол жөндеу, жол салу қай кезде болсын өзектілігін жоғалтқан емес. Биыл Батыс Қазақстан облысында жарты жылда 600 км жол жөнделген. Басқа облыстар да жол жөндеуге шындап кіріссе, «Күрті-Бұрылбайтал» автожолының бір учаскесі сияқты 10 жылдан астам уақыт салынбас еді. Бұл бағыттағы жолдың құрылысы әлі бітпеген. Оның тек бір 81 шақырымға созылған учаскесі ғана ашылған.