×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Зейнетақы ақшасына тіс емдеуге шектеу қойыла ма – шешімі шықты

16.08.2024, 15:23
Зейнетақы ақшасына тіс емдеуге шектеу қойыла ма – шешімі шықты
Коллаж: ulysmedia.kz.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев зейнетақы ақшасымен тіс жөндеуге шектеу қойылматынын мәлім етті, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Вице-министр не дейді

– Кейінгі кезде стоматологиялық қызметке зейнетақы ақшасын аудару мәселесі көп талқыланды. Бірден түсіндіре кетейін: Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы тоқтатқан жоқ. Тек сол аударымды тоқтатуды көздейтін бұйрықтың жобасы жарияланды. Сол арқылы талқыға шығарылды. Келіп түскен өтініштерді есепке ала отырып, Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық стоматологтар қауымдастығымен бірлесе келе жақын арада іске асырылатын тетіктерді әзірледі. Ол тетік шектеуге емес, процедураның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы диагностика құрылғысы  стоматологиялық көмекті алғаны расталғаннан кейін стоматологиялық клиникаға да, пациентке де қосымша міндеттеме жүктелмейді. Осының бәрі медициналық ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылады, – деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Талқыға түскен құжат

Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін бірыңғай жинақтық зейнетақы қорының салымшыларына шотындағы шекті мөлшерден артылған соманы тіс емдеу шығындарына жұмсауға тыйым салатын құжат жобасын қоғамдық талқылауға шығарған еді. Бұл бастаманы «Отбасы банк» қолдап шыққан. Банктің хабарлауынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша 386 533 адам жалпы сомасы 615,5 млрд теңгеге «Отбасы банк» арқылы емделуге өздерінің біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған. Бұл соманың шамамен 40%-ы стоматологиялық қызметтерге тиесілі – тіс протездеу және имплантация. Алайда халықтың емделуге жұмсаған біржолғы зейнетақы төлемдерін тексеру кезінде мақсатсыз пайдалану жағдайлары анықталған.

Банк бірқатар күдікті схемалардың белгілерін анықтап, олар бойынша ішкі тексерулер жүргізді. Істің қолда бар материалдарымен банк күдікті адамдарды анықтау және оларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінді. Осылайша, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу түрінде кейбір стоматологиялық клиникалар азаматтарға қолма-қол ақша алуға көмектескен. «Отбасы банк» осындай аргументті келтіреді.