×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Душанбеде Абайдың бюсті ашылады

Душанбеде Абайдың бюсті ашылады
khovar.tj

Ертең Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері аясында Фирдауси атындағы мәдениет және демалыс саябағында қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлың бюсті орнатылады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.  Ховар агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстан Республикасы Мәдениет министрлігі  екі елдің мәдени және гуманитарлық байланысты кеңейтуге ерекше мән беріп отырғанны, қазақтың құлы ақыны Абай Құнанбайұлының бюсті халықтарды жақындастырудың тағы бір қадамы болатынын хабарлады.

Абай шығармашылығының негізгі зерттеушісі Мұхтар Әуезовтің анықтамасы бойынша шығыстың классикалық поэзиясы, оның ішінде тәжік-парсы классикалық әдебиеті оның шығармашылығының және XIX - ХХ ғасырлардың басындағы қазақ әдебиетінің қайнар көзі, - делінген Тәжікстан Республикасы Мәдениет министрлігінің хабарламасында.

Бұған дейін 22-23 тамыз күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына мемлекетткі сапармен баратыны хабарланған болатын.

АБАЙҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШТЕР

Абай Құнанбайұлына әлемнің бірнеше елінде ескерткіш пен бюст тұрғызылған. Мысалы, Ресейдің астанасы Мәскеу қаласындағы Чистопрудный бульварында Қазақстан елшілігі ғимаратына жақын маңда Абайға арнап ескерткіші орнатылған. Ол 2006 жылы ашылды.

Биылғы жыл Ресейде Абай жылы болып жарияланды. Ескерткіштің сәулетшілері - Валерий Романенко мен қазақ ұлттық валютасы – теңгенің эскизін жасаушы Тимур Сүлейменов.

Ескерткіш қоладан құйылған. Онда «Мәңгілік – өлмес сөз иесі» деген жазуы бар.

Сонымен бірге Абай ескерткіші 2013 жылы Ташкенттегі Қазақстан елшілігіне қарама-қарсы жерге орнатылды. Мүсінші – Нұрлан Далбай, ескерткіштің сәулетшісі – Расул Сатыбалдиев.

2014 жылы Қытайдың Бейжің қаласында қазақ ақынына ескерткіш қойылды.  Мүсінші Юань Сикунь болды.

Сол жылы Мажарстанның Будапешт қаласында Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіш салынды.

Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш 2007 жылы Иранның астанасы Тегеранда, 2010 жылы Әзербайжанның Баку қаласында, 2016 жылы Мысырдың Каир қаласында және сол жылы   Францияның Ренн қаласында да орнатылды.

Ал ақынның бюстері 2021 жылы Түркияның Ыстанбұл қаласында ашылды. Бұл қалада Абайдың алаңы мен ескерткіші бар. Сол жылы Германияның Берлин, Францияның Париж, Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында тұрғызылды. 2022 жылы Грузияның Тбилиси, Қырғызстанның Бішкек пен Үндістанның Нью-Делиде қаласында бой көтерді.

2021 жылы Аргентинаның Росарио қаласында Абай атындағы көше мен «Қазақстан Республикасы» алаңы ашылды.