×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Терроризм мен есірткі саудасы: Дуровты Франция билігі не үшін ұстады

25.08.2024, 09:55
Терроризм мен есірткі саудасы: Дуровты Франция билігі не үшін ұстады
ашық дереккөзден

24 тамызда Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров Әзербайжаннан жеке ұшақпен Париж әуежайына келген сәтінде ұсталды. Ulysmedia.kz оның не үшін ұсталғаны жөнінде ақпараттарды шолып шықты.

Не үшін ұсталды

Француз билігі ұзақ уақыт бойы Telegram өзінің анонимділігі мен қатаң модерацияның болмауына байланысты қылмыстық әрекеттің алаңына айналғанына алаңдайды. 

TF1 info басылымы оның ұсталуының басты себебі – Дуровтың құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтан бас тартуы болғанын хабарлайды.

Франция билігі Telegram арқылы заңсыз әрекеттерге қатысты миллиондаған хабарлама тарап кеткенін, мессенджер мұндай қылмыстарды тергеуді қиындататын криптовалютаны белсенді қолданатынын мәлімдейді.

– Сот төрелігі құқық қорғау органдарымен модерация мен ынтымақтастықтың болмауы және Telegram ұсынған құралдар оны есірткі саудасына, балаларға қарсы қылмыстарға және алаяқтыққа серіктес етеді деп санайды, — деп жазады телеарна.

Ұсталғаннан кейін Дуров бірден қамауға алынған. TF1 мәліметтері бойынша, оған бірқатар қылмыс бойынша айып тағылуы мүмкін. Олар: терроризм, есірткінің заңсыз айналымы, алаяқтық, ақшаны жылыстату, балалар порносын тарату.

Бұл айыптар дәлелденсе Дуров Францияда 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, 2021 жылы Дуров Франция төлқұжатын алған. Жақын күндері осы елдің азаматы ретінде сот алдында жауап береді. TF1 кәсіпкер іздеуде болғанын және қандай да бір себептермен Францияға келгенін мәлімдейді.

– Ол бүгін кешке қателік жіберді. Неге екенін білмейміз. Бұл рейс тек аралық аялдама болды ма? Қалай болғанда да, ол ұсталды, — деп хабарлайды тергеуге жақын телеарна көзі.

Дуров Франциядағы нон граттың тұлғасы екенін білгені баса айтылады.

Реакция

Telegram әкімшілігі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ. Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Франциядағы елшіліктің "шара қолданатынын" хабарлады.

"Дуровты ұстау туралы ақпаратқа байланысты Франциядағы Ресей елшілігі мұндай жағдайларда Ресей азаматының айналасындағы жағдайды нақтылау үшін қажетті шараларды бірден қабылдады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, оқиғаға әртүрлі саясаткерлер мен атақты адамдар пікір білдірді. Мысалы, Х иесі Илон Маск АҚШ Конституциясына сөз бостандығына кепілдік беретін бірінші түзетуді "сенімді жарнама" деп атады.

Дуров ұсталғаннан кейін Telegram экожүйесінде қолданылатын Bitcoin (TOR) криптовалюта бағамы 14% төмендеді.