×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ауғанстанда әйелдерге көпшілік алдында сөйлеуге тыйым салынды

29.08.2024, 10:31
Ауғанстанда әйелдерге көпшілік алдында сөйлеуге тыйым салынды
ашық дереккөзден

Ауғанстан билігіндегі Талибан әйелдерге көпшілік алдында сөйлеуге, тіпті үйде дауыстап оқуға және үйден тыс жерде бет-әлпетін көрсетуге тыйым салатын жаңа заң қабылдады. Ал ер адамдарға галстук тағып, сақал қыруға тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ВВС орыс қызметіне сілтеме жасап.

Тәліптердің жаңа заңы

Тәліптер бұл ережелер олардың Шариғат заңдарына сай келеді деп есептейді. Жаңа ережелер Талибанның жоғарғы көшбасшысының 2022 жылғы Жарлығына негізделген және қазір ресми түрде заң ретінде жарияланған.

Жаңа заңға сәйкес, әйелдердің дауысы қоғамдық орында естілгенде ол "көргенсіздік" болып саналады. Оларға өз үйінде болса да, сыртқа естілмес үшін ән айтуға және дауыстап оқуға тыйым салынады. Сондай-ақ, әйелдер "еркектерді азғыруға және жамандыққа ұшыратпау үшін" денелерін, соның ішінде бетін толығымен жабуы керек, ал олардың киімдері жұқа, қысқа болмауы және тартылып тұрмауы болмауы тиіс. Әйелдерге сондай-ақ ер адамдарға қарауға да тыйым салынады.

Ер адамдарға шектеу

Жаңа заңдар ер адамдарға да шектеу қояды. Еркектер үйден тыс жерде денесін тізеге дейін жауып жүруге міндетті, әйелдің денесі мен бетіне қарауға, шашты Шариғатқа сәйкес келмейтін шаш үлгісімен жүруге тыйым салынады. Бірнеше провинцияда Талибан шаштараздарға сақалын қыруға тыйым салды. Жаңа заң ер адамдарға галстук тағуға да тыйым қойған.

Жаңа заңның қабылдануымен полицияның моральдық өкілеттіктері одан да кеңейе түсті. Олар әйелдерге ән айтуға тыйым сала алады, үйде ойнайтын музыканы өшіруге мәжбүр етуі мүмкін және егер олар жаңа шаш үлгілерін сақтамаса, шаш-сақалын талапқа сай қырқуды талап етуі мүмкін. Сондай-ақ, Әдеп полициясы такси жүргізушілеріне жақын туысы еріп жүрмейтін немесе шариғатқа сәйкес хиджаб кимейтін әйелдерді тасымалдауға тыйым салуға құқылы. Ерлер мен әйелдерге көлікте қатар отыруға тыйым салынады.

Жаңа заң сонымен қатар тірінің суреттерін жасауға, сақтауға немесе жариялауға тыйым салады. Бұл тіпті құстардың, жануарлардың немесе отбасы мүшелерінің суреттерінің тыйым салынғанын білдіруі мүмкін.