Ақтаудағы «Алау» балалар лагерінің маңындағы жағалауда қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
30 тамыз күні куәгерлер ер адамның денесін тауып алып, судан шығарды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 30 тамыз күні таңғы сағат 9:54-те «Алау» балалар лагері аймағындағы жағалауда болған.
Оқиға куәгерлері 1977 жылы туған ер адамның мәйітін тауып алып, судан шығарған.
Ол суға түсуге тыйым салынған аймақта шомылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады аймақтық құтқарушылар.
Бүгін ғана Ақтауда биіктен құлап, бір әйелдің қайтыс болғанын хабарлаған едік.