Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталып, босап шыққаннан кейін Париж көшелерінде жүрген фотосы пайда болды. Онда кәсіпкер өзінен 15 жас кіші қалыңдығы Юлия Вавиловамен бірге болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Фотосуреттерді француздық Paris Match басылымы жариялады.
Суреттерден қара киім мен бейсболка киіп, көзілдірік таққан Дуровқа ұқсайтын адам жас әйелмен бірге Елисей алқаптарын аралап жүргенін байқауға болады.
Фотосуреттер Дуров 28 тамызда бес миллион еуро кепілақымен босап шығып, Франциядан кетуге тыйым салынғаннан кейін түсірілген.
Оқи отырыңыз: Құпиялар құлыпталған Telegram «кілті»: Дуровтың мессенджері бізге қауіпті ме?