×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Қала тұрғындары көбейіп келеді: Қазақстан халқының саны қанша адамға өсті

02.09.2024, 16:06
Қала тұрғындары көбейіп келеді: Қазақстан халқының саны қанша адамға өсті
Фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 1 тамызда Қазақстанда 20 182 003 адам тұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жыл басында Қазақстанда 20 033 842 адам өмір сүрген. Сегіз айда қазақстандықтардың саны 148 мың адамға артты.

Ел азаматтарының басым бөлігі Алматыда (2 264 499 адам), Түркістан облысында (2 151 923 адам), Алматы облысында (1 547 228 адам), Астанада (1 481 402 адам) және Шымкентте (1 241 809 адам) тұрады.

Миллион халқы бар өңірлер қатарында Жамбыл (1 223 625 адам) және Қарағанды (1 134 588 адам) облысы бар.

Сондай-ақ, сарапшылар 12,6 миллионнан астам адам қалаларда, ал 7,5 миллион адам ауылды жерлерде тұратынын хабарлады.

Бұған дейін Алматы (19,5%), Түркістан (25%) және Жамбыл (43,6%) облыстары неғұрлым ауылдық өңірлер екені белгілі болды. 

Айта кетейік, Қазақстан картасынан ауылдар жойылып барады. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың 1 шілдесінде елде 6208 ауыл болған, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78-ге аз.